Іс-шаралар

Халықаралық экономикалық және инвестициялық форум «ZHEIF-2023»

Халықаралық экономикалық және инвестициялық форум «ZHEIF-2023»

Тараз қ., Қазақстан

Сіздерді «ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумына қатысуға шақырамыз.

Пікірталас алаңында өңірдегі экономиканы, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы және туризмді дамытудың, сондай-ақ инвестиция тарту мен қолайлы инвестициялық орта құрудың перспективалы бағыттары талқыланады.

Форумға қатысушылар өз идеялары мен жобаларын ұсынып, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерімен және сарапшылармен диалог жүргізе алады, экономиканың әртүрлі салаларына капиталды инвестициялау мүмкіндіктері мен инвестициялық шарттар туралы ақпарат ала алады.

«ZHEIF-2023» форумы инвестиция тарту және аймақ экономикасын дамыту, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және байланыс орнату үшін маңызды оқиға болмақ.

Орналасқан жері: «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, Тараз қаласы, Қазақстан  

Күні мен уақыты: 26-27 сәуір 2023 жыл, 09:00 сағат

Қатысу үшін https://zheif2023.kz/ru/#sec-5 сайтында онлайн түрде алдын ала жазылуыңызды сұраймыз.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге