Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті

Абай облысы экономикалық дамудың жоғарғы көрсеткішін көрсетті

Алғашқы тоғыз айдың қорытындысына сәйкес Абай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің қатарында.

Бүгін ҚР Үкіметінің қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров барлық 7 экономикалық көрсеткіштен 5 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында өсім барын атап өтті.

Қазіргі уақытта ел экономикасының жалпы өсу қарқыны 4,7%-ды құрады. Нақты сектор 3,7%, ал қызмет көрсету саласы 5,1% өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да 12,1%-ға өскен. Экономиканың осы секторында Абай облысы – Маңғыстау, Түркістан және Павлодар облыстарымен қатар ең үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр.

«Алдын ала қорытынды нәтижесінде 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 4,2%-ға өсіп, 91,1 млрд. долларды құрады. Экспорт 51,2 млрд. долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд. долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең», - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ға артқан. Оң динамика 19 облыста байқалған, оның ішінде Абай облысы да бар. Бүгінде республикада 11,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл салада ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда және Абай облысында тіркелді.

«9 айдың қорытындысы бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде   инфляция деңгейі 11,8%-ке дейін төмендеді. Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін   жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек», - деді Әлихан Смайлов.

Отырыс барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов барлық өңірлер нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруы қажет екенін атап өтті.

Дереккөз: Абай облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге